Ақтөбеде дәрігерлер тірі адамды «өлтіріп» тастаған
![](/img/articles/uploads/6347adb735110057317689_966093b14b.png)
Ақтөбеде дәрігерлер тірі адамды өлілердің қатарына қосып жіберген. Соның кесірінен 68 жастағы Ромахан Кенжебаевтың бар құжаты жарамсыз болып қалған, деп хабарлады Elorda.info.
Тіпті есепшотындағы зейнетақысы мен жалақысын да ала алмай отырған көрінеді.
КТК телеарнасының мәліметінше, емхана қызметкерлері тіркеудегі науқастардың жеке сәйкестендіру нөмірін тергенде қате жіберіп, Кенжебаевтың жеке мәліметі өлілердің қатарына қосылып кеткен. Құжаттарында бір апта бұрын «жаназасы шығарылып, жерленіпті». Соның кесірінен барлық банк карточкасы бұғатталып, жүргізуші куәлігінен бастап шетелге шығатын паспортына дейін жарамсыз болып қалған.
Емханаға бардым. Компьютерде мені өлді деп көрсетіп тұр. Қалай? Мен тірімін ғой десем. «Жоқ, сен өліп қалдың» дейді. Жүгіріп ХҚКО-ға бардым. Айлық ала алмай отырмын. Барлық есепшотым бұғатталған, - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Ромахан Кенжебаев.
Оның айтуынша, қатені Ақтөбедегі №4 емхананың қызметкерлері жіберген.
Емханадағы қайтыс болғандарды компьютерге тіркеу кезінде дәрігер қателесіпті. ЖСН-нің соңғы цифрын дұрыс жазбай, осы кісінің мәліметі шығып кетіпті, - дейді №4 емхананың бас дәрігері Мереке Нұртазин.
Емхана басшылары кеткен қатені мойындап, зейнеткердің бар шығынын өтейміз деп отыр. Ол үшін дәрігер-сарапшы нотариус арқылы қолхат та берген. Бірақ Ромахан Кенжебаевтың тірілер қатарына құжат жүзінде қашан қосылары белгісіз. Себебі жаңа сәйкестендіру нөмірі беріліп, сол бойынша барлық куәлігі мен паспортын жаңалау керек.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)