Полицейлер жеке деректерді құпия сақтауға кеңес береді
![](/img/articles/uploads/6346a84ec09c6486308163_374bc45204.jpg)
Полицейлер халықты интернетте жеке құжаттардың суретін ешкімге жібермеуге кеңес береді, деп хабарлады Elorda.info.
Мәселен, біреудің жеке куәлігін тауып алған жағдайда, оның фотосын әлеуметтік желілерде жеке деректерін жасырмай жариялауға болмайды. Көп жағдайда киберқылмыскерлер интернет желісінде осындай фотоларды аңдып жүреді. Оларды басқа біреулерді алдаған кезде, мәселен, өздерін бөтен адамдардың атынан таныстырғанда немесе несие алғанда пайдаланады.
2020 жылғы желтоқсан айында солтүстікқазақстандық полицейлер қызметтік іссапар кезінде осындай оңай олжаны пайдаланып жүрген ер адамды ұстады, өткен жылы оған сот үкім шығарды. Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны жоғалған жеке куәліктер туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі хабарландырулардан алғанын мойындады. Алған мәліметтер бойынша жәбірленушілердің атына онлайн несие, әдетте бір адамға 100 мың теңгеден ресімдеген. Осылайша, ол 51 несие ресімдеп, 5 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.
Жәбірленушілердің арасында СҚО тұрғындары да болған. Сот оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Құқық қорғау органдары шағын қаржы ұйымдары иелерімен жасаған уағдаластықтың арқасында соңғы кезде қашықтан несие алу рәсіміне сенім артты, алайда, сақ болу қажет. Жеке деректеріңізді, құпиясөздер, пин-код, банк картасының сыртындағы CVV-кодты, смс-хабарламамен келетін бір жолғы кіру қодтарын құпия сақтауға кеңес береміз, – дейді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)