00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Елің көрер ертең-ақ...»: Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің соңғы жазған хатын көрсетті

31.03.2023 | 18:05
Елорда ақпарат
99

Халық әртісі Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің соңғы жазған хатын көрсетті, деп хабарлады Elorda.info. 

Әнші бұл туралы Instagram-парақшасында жариялады. 

Зәкең (Заманбек Нұрқаділов - ред) өмірден өткен соң өз қолымен жазып кеткен жазба табылған еді. Бәрін сезген екен. Екі ай 10 күн қалғанын кім білген? - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Ақ параққа жазылған хат соңында Заманбек Нұрқаділов өз қолтаңбасын қалдырған.

Күшейтер саған қорғанын. Жау жеңіліп, сен жеңіп, Үзерсің шынжыр торларын. Әсем ән әлі құлпыртар Жарық айдың толғанын, Елің көрер ертең-ақ Мерей сендей болғанын. Сендерге қидым қайшымен Ғұмырымның қалғанын. Өнерді мәңгі алғасын, Алла берсін жалғасын. Әумин! - деп жазылған Жүнісова көрсеткен жазбада.

 

Все новости