00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Прокурор Елжан Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

31.03.2023 | 18:01
Елорда ақпарат
120

Бүгін Астана қаласының сотында өткен жарыссөзде прокурор Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановқа сұралып отырған жазаны жариялады. Айыптаушы тарап Біртановты қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлады Elorda.info.

Прокурор Бауыржан Шекенов Біртановты Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтей отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, соттарда, Ұлттық банкте және тағы басқа лауазымдарды атқару құқығынан айыруды ұсынды.

Сондай-ақ Біртановты «Құрмет» орденінен айыру туралы Президенттің атына ұсыныс енгізу ұсынылды.

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты прокурор 5 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды.

Сондай-ақ айыптаушы тарап екеуінен де денсаулық сақтау платформасына байланысты эпизод бойынша мемлекетке келтірілген 1,5 миллиард теңгеден астам шығын мен санитарлық авиацияны пайдаланғаны үшін 5,5 миллион теңгені өндіруді ұсынып отыр.

Прокурор Біртанов пен Әбішевке қамаудағы және үйқамақтағы барлық күндерін болашақ мерзімнен есептен шығаруды ұсынды, яғни, қамаудағы 1 күн жазаны өтеудің 1,5 күніне, үйқамақтағы 2 күн - ұсынылатын жазаның 1 күніне тең.

Біртанов пен Әбішевтің үйқамақта отырғанына екі жылға жуықтады (2020 жылдың қарашасынан бері).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елжан Біртановтың ісі бойынша сот тергеуі аяқталғаны хабарланған болатын.

 

Все новости