00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе рейстері үш есеге артады

31.03.2023 | 17:34
Айман Нығмет
102

Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Ассамблеясының 41-ші сессиясы аясында Қазақстан мен Сауд Арабиясының азаматтық авиация саласындағы билік өкілдері өзара келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Elorda.info.

Басқосуда елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығына да назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша арнайы құжатқа қол қойылды. Оған сәйкес, екі мемлекет арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны аптасына 4-тен 14 рейске дейін, яғни 3 есеге дейін ұлғаяды.

Все новости