00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жыл басынан бері 14 мыңға жуық жұмыскердің құқығы қорғалды

31.03.2023 | 17:29
Елорда ақпарат
90

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Министрліктің мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 618 кәсіпорнында 15,4 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 556,7 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 562 нұсқама беріліп, 98,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 13,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд 313 млн теңге төленді.

Все новости