00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Алматыда ер адам жасөспірім қызын діни радикалдарға тоқалдыққа бермекші болған

31.03.2023 | 17:10
Елорда ақпарат
118

45 жастағы алматылық кәмелетке толмаған қызын діни-радикалдарға тоқалдыққа бермек болған. Бұл туралы отағасынан зәбір көрген отанасы айтты, деп хабарлады Elorda.info Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Бетін көрсетпек түгілі атын атаудан қорыққан орта жастағы әйел даусын да өзгерткен. Себебі оның күйеуі радикалдарға еріп, отбасына зәбір көрсетсе керек. Бұрындары діннен хабары болмаған ер адам бірден өзгеріп, жергілікті имамдардың сөзіне қарсы шыға бастаған.

Құран Хатым түсіргенде де дұрыс емес дейтін. Адам жерлегенде жылауға болмайды деген нәрсе айтатын болды. Көп жерге бармайтын. Туыстармен араластырмайтын. Олармен араласқаным үшін мені ұратын, - деді келіншек.

Бұрыс бағытқа түскен ер адамның жақындары ер адамның басы сәждеге алғаш тиген сәтте мұны қуанышқа жорыған. Алайда ол 2 жылда күрт өзгерген. Бейтаныс адамдармен жиі араласып, екінші әйел алу туралы айта бастаған. Ұлын өлімші етіп сабап, туыстарын «кәпір» деп балағаттаған. Өзінің 16 жастағы туған қызын достарына тоқалдыққа бермекші болған.

Келіншек 4 жыл бұрын күйеуімен ажырасып, қазіргі таңда 3 баласын жалғыз бағып отыр.

Қызымды 16-ға толған кезде оқымайды, күйеуге беремін деді. Өзімнің достарымнан тауып беремін, братьялардың ішінен деді. Қызымды күйеуге беремін дегеннен кейін қатты ойлана бастадым, – деді қала тұрғыны.

Все новости