Қаңыраған ауылдар Қазақстан картасынан жойылып жатыр
![](/img/articles/uploads/6324841f78e21222305560_12d357e0fb.jpg)
Солтүстік Қазақстан облысында 14 ауыл ел картасынан жойылған. Бұл ауылдың тұрғындары дәріхана, мектеп, тіпті қарапайым дүкендердің жоқтығы мен жұмыссыздық салдарынан қалаға көшуге мәжбүр болған, деп хабарлады Elorda.info 31-телеарнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Бүгінде жергілікті билік те шағын елді мекендерді дамыту бюджетке тиімсіз екенін айтады.
Жұмыс жоқ, жағдай жасалмаған соң халыққа күн көру қиын. Таза ауыз суының болмауы, мектептердің жабылуы халықтың көшуіне себеп болды. Мал ұстау да қиын. Сол себепті бәрін сатып біз де көшуді жоспарлап отырмыз,- деді Коваль ауылының тұрғыны Ирина Кочеткова.
Он үйге де жетпейтін ауылда дүкен, дәріхана болмағандықтан тұрғындар азық-түлік пен керек-жарақ алу үшін осыдан 35 шақырым жердегі аудан орталығына баруға мәжбүр. Ал Ресей шекарасынан небәрі екі шақырым жердегі ауылда тұрған бірнеше ұлттың өкілдері тарихи отандарына қайта оралған.
Кезінде бұл ауылда немістер де, поляктар да, орыстар да, қазақтар да тұрған. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін бәрі жан-жаққа кетті. Ауылда өмір сүру қиындап кетті. Мал ұстаймыз, бірақ оны бағатын жер жетпейді, шабындық та жоқ,- деді тағы бір тұрғын Владимир Денисов.
Мамлют ауданында тағы да осындай 10 ауыл бар. Бұл ауылдар Қазақстан картасынан алынып тасталса да, тұрғындардың тұруына еш кедергі жасалмайды.
Заң бойынша халық саны елуден аз болса, ауылды округ орталығына қосамыз. Ауылдың нақты аты болмайды. Бірақ халық сол ауылда тұра алады. 1 отбасы қалса да оларды ешкім ешқайда қумайды. Соңғы адам кеткенге дейін жол да тазаланады, нан мен су да жеткізіледі, - деді Мамлют ауданы әкімінің кеңесшісі.
Солтүстіктегі 600-ден артық елді мекеннің тең жартысы ғана болашағы бар деп танылған. Тіпті, 100-ден астам ауылда халық саны 50 адамға да жетпейді екен. Ал тұрғын саны он адамға толмайтын отыз ауыл картадан жойылып қалудың алдында тұр. Үш жылда еліміздің солтүстігінде 14 ауыл таратылып кеткен.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)