Елордада қарттар күніне орай флешмоб өтті
Есіл ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда елордалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер арнайы фитнес нұсқаушысының жетекшелігімен жаттығулар жасады.
Ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Тұрғынбаеваның айтуынша, іс-шара Қарттар мерекесіне орай ардегерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылды.
Таза ауада би билеп, жаттығу жасап бір серпілсін дедік. Осындай іс-шараларды ұйымдастыруға көмектескен Есіл ауданының әкімдігіне дән ризамын. Аталған шараға екі ансамбльдің – «Есіл толқындары» мен «Парасат» мүшелері де қатысып жатыр. Әрқашан аспанымыз ашық болсын, деніміз сау болып “Алға, Қазақстан” деп ұрандатып жүре берейік, - деп ізгі тілегін білдірді ол.
Ардагерлердің өздері де шат-шадыман күй кешіп, көңілді жүрді.
Қарттар мерекесі келе жатыр, сол себепті бүкіл ардагерлердің көңіл-күйін көтеру мақсатында бүгін арнайы жинап, флешмоб ұйымдастырып жатыр екен. Жастарға үлгілі тәрбие беру арқылы еліміздің болашағына үлес қосып жатырмыз. Барша ардагерлерді келе жатқан мерекемен құттықтаймын! Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын, - деді 78 жастағы зейнеткер Сәбит Қасымов.
Фанида Нұрбаева есімді ардагер де замандасының сөзіне қосылатынын білдірді.
Республикалық байқаулардың жеңімпазы, «Есіл толқындары» ансамбілінің жетекшісімін. Жалпы, «адамның ағзасына ең пайдалы нәрсе, ол – билеу, ән айту, жаяу жүру» деп айтады ғой. Біздің ансамбль мүшелері үшеуін де қатар алып келе жатырмыз. Бүгінгі флешмобқа қатысу мақсатымыз – ең алдымен, көтеріңкі көңіл-күй, осындай іс-шараларға қатысу арқылы өзара ынтымақтастығымыз арта түседі. Ұжымнан 20 адам қатысты. Кемеңгер, әдепті, ұлттық руханиятқа бай ата-әжелер қазақ халқының қарттары деп есептеймін, - дейді Фанида апа.
Гүлжан Уалиева
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)