00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде 19 мыңнан астам жұмыссыз кәсіптік курстан өтті

31.03.2023 | 17:01
Айман Нығмет
49

Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 94,5 мың азамат, оның ішінде 19,5 мың жұмыссыз адам курстан өткені туралы сертификат алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Оқудан өткен 19,5 мың жұмыссыздың 6 мыңы – негізінен Алматы, Қызылорда, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы жастары.

Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 151 курс жариялады, оның 97-ы тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

 Ең танымал курстар – «Сүтті мал шаруашылығы», «Персоналды басқару», «А-дан Я-ға дейін құлпынай өсіру», «Кассир»және «Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі және дайындалу технологиясы».

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілді, материалды берудің ыңғайлы қағидатын өз бетінше таңдайды, білім беру процесіндегі өзінің прогресін бақылай алады.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.

Айта кетейік, курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Ұсынылатын онлайн курстардың ұзақтығы 6-дан 144 сағатқа дейін. Платформа ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігі бар.

Все новости