00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Неке қию бір жылда 15 пайызға азайды

31.03.2023 | 17:00
Айман Нығмет
122

Қазақстанда жарты жылда 55,1 мың жұп неке тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,2%-ға аз. Ranking.kz сарапшылары қалаларда неке саны бір жылда 5%-ға, ал ауылдарда бірден 38,1%-ға қысқарғанын анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Бірінші жартыжылдықта ажырасу саны 9 мыңды құрады, бір жыл бұрынғыға қарағанда 5%-ға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 3,1%-ға, ауылдарда-11,8%-ға дейін қысқарды.

Өңірлік бөліністе ең көп жұп некені Алматыда тіркеді: 7,1 мың - бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,7%-ға аз. Көшбасшылар үштігіне сондай-ақ халық тығыз орналасқан Түркістан және Алматы облыстары кірді. Ең аз неке Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді: барлығы 1,5 мың. Ажырасу Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстарында көп тіркелді. Ең аз ажырасу Қызылорда облысында анықталды.

Елдегі неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,89-дан 5,77-ге дейін төмендеді. Ең жоғары коэффициент елордада байқалды: 1000 адамға 7,99. Көшбасшылардың үштігіне Алматы мен Атырау облысы да кірді.

Айта кетейік, некені тіркеу мерзімі екі есе қысқартылды.

Все новости