00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада сот орындаушыларына жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес өтті

31.03.2023 | 16:53
Елорда ақпарат
62

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов аудиторияға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру нәтижелері туралы ақпарат берді.

Кездесуге қатысушылар заңсыз материалдық сыйақы бергені, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар болды, сондай-ақ 1424 Call-орталығына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлағаны және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу жүйесі туралы хабардар етілді.

Сот орындаушылары осы тақырыпты талқылауға қызығушылық танытты. Олар сұрақтар қойып, сауалдарына жауаптар алды.

Семинар қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар сот актілерін орындау бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және мүдделер қақтығысын азайту мақсатында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі келісімге келді.

Все новости