Кәсіподақтар федерациясы үндеу жасады
![](/img/articles/uploads/63172e8ef3119388377283_6323a2396f.jpg)
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин үндеу жасады, деп хабарлады Elorda.info.
Біздің отандастырымыз, Қостанай облысының тұрғындары табиғи апаттың салдарынан зардап шекті. Жүздеген адамдар үй-жайсыз қалды, әдеттегі өмір салтын өзгертуге мәжбүр болды.
Қостанай облысының тұрғындары үшін осынау қиын күндері Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақтардың барлық мүшелерін қиыншылыққа тап болған жерлестерімізді қолдауға шақырады.
Қостанай облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Кәсіподақтар федерациясының мүше ұйымдары табиғи апаттың алғашқы күндерінен бастап өрттен зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуде.
Апаттың алғашқы сағаттарында Қостанай облысында орналасқан ҚРКФ мүше ұйымдары апат аймағындағы ауыл тұрғындарының бірінші қажеттіліктеріне 3 миллион теңге жіберді. Қазіргі таңда ауыл балаларын республикалық «Балдәурен» балалар лагеріне жіберу ұйымдастырылуда.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жұмыскерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының шешімімен ҚРКФ қызметкерлерінің бір күндік жалақысы зардап шеккен қостанайлықтарға көмек көрсететін «Қайырымдылық KZ» қоғамдық қорына аударылады.
Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету және сауықтыру мақсатында Кәсіподақтар федерациясы оларға «Сосновый Бор» кәсіподақ шипажайына алдағы үш ай ішінде 50 жолдама береді.
Кәсіподақ мүшелері біздің бірлескен іс-әрекетіміз бен белсенді қолдауымыз Қостанай облысындағы орман өртінен зардап шеккен отандастарымыздың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға, өмірі мен денсаулығын сақтауға және олардың қалыпты өмірге тезірек оралуына ықпал ететініне сенімді.
Құрметті қостанайлықтар, сіздердің бастарыңызға түскен қиын сынақтарды бірге еңсереміз! – делінген Үндеуде.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)