Лаоста еңбек құлдығындағы қазақстандық актриса босатылды (ВИДЕО)
![](/img/articles/uploads/6308d78566b02373727989_43643add5f.jpg)
Tengrinews.kz сайтының жазуынша, бұл туралы актрисаның ағасы Қанат Бермағанбетов айтқан.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де Анельдің еңбек құлдығынан босатылғанын растады.
Ағасының айтуынша, енді Анельдің бостандығы мен өміріне қауіп жоқ. Оны отбасы үйінде күтіп отыр.
Оқи отырыңыз: «Анель, саудаң бітті»: қазақстандық актриса Лаоста құлдықта жүр
Жақсы жаңалықты бөлісейін деп едім. Анель қазір менің досыммен Чандрадан Бангкокқа ұшып шықты, сол жерден Қазақстанға ұшады. Бірақ оны босату үшін өте көп күш жұмылдырылды: Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президенті аппараты.
Одан кейін Интерпол, Ресейдің Лаостағы елшілігі, Вьетнамдағы Қазақстан елшілігі байланысқа шықты. Осы күштердің бәрінің іс-әрекетін үйлестіру мүмкін болды. Анельдің деректері Лаос үкіметі, Лаостың адам саудасымен күрес департаменті және басқа ұйымдарға берілді, - деді ол.
Қанаттың айтуынша, барлық қызмет барынша жылдам жұмыс істеген.
Тағы оқыңыз: Лаоста еңбек құлдығына түстім деген қазақстандық актриса жазбаларын өшіріп тастады
Кешегі күнге дейін барлық сәт пысықталды. Кеше, 25 тамызда Анельді полиция бөлімшесіне шақырып, оны шекараға жеткізетінін хабарлады (жұмыс берушілер - еск.). Бірақ 5 мың доллар шығынды төлеуіміз керек. Шешім қабылдауға бірнеше секундым болды. Келістім, өйткені қарындасымды сол жерден тезірек құтқару керек екенін түсіндім. Ақшаны криптовалютамен аудару керек еді, - деді Бермағанбетов.
Қарындасының төлқұжатына мөр қойылғаннан кейін, Қанат қажет соманы "жұмыс берушілердің" криптовалюта әмиянына аударған.
Анельді қайыққа отырғызды, ол Таиланд шекарасына аман-есен жетті. Төлқұжат бақылауынан өтті. Онда оны досым Влад күтіп алды. Енді біз Анельдің үйге оралуын асыға күтеміз, - деді ол.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)