00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

25.02.2023 | 14:39
Елорда ақпарат
109

Агенттік мәліметіне сәйкес, тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды – Антикор

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы Ұлттық музейдегі жемқорлыққа қатысты түсініктеме берді

Бұдан басқа А.Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексеріліп жатыр, – делінген хабарламада.

Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңгеге тең. 

А.Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін, яғни 2022 жылдың 26 қыркүйегіне дейін ұзартылды.

Все новости