Қазақстандық әскерилер халықаралық армия ойындарында жеңіске жетті
![](/img/articles/uploads/6305941e95179126987454_fbd6eae2d1.jpg)
Ел аумағында ұйымдастырылған конкурстардың қорытындысын Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов шығарды.
Бас штаб бастығы өз сөзінде жыл сайынғы халықаралық әскери-спорттық жарыстардың әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы мен шеберлігін жетілдірудегі маңызының зор екенін атап өтті.
«Артиллериялық атыс шеберлері», «Тактикалық мерген», «Меридиан» конкурстары Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарындағы үш оқу-жаттығу полигонында өткізілді. Оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан командалары қатысты.
Үш конкурстың бәрінде Қазақстанның әскери қызметшілері жеңіске жетті.
Жамбыл облысындағы «Гвардейск» полигонында өткен «Артиллериялық атыс шеберлері» конкурсында қазақстандық миномет есептоптары бірінші орынға ие болды. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша екінші орынды Ресейдің әскери қызметшілері иеленсе, үшінші орынға Әзербайжанның артиллеристері көтерілді.
Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында өткен «Тактикалық мерген» байқауында бірінші кезеңнен-ақ Қазақстан командасы көш бастады. Біздің жауынгерлер барлық кезеңдерде сенімді жеңіске жетіп, байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болды. Жеңіс тұғырының екінші сатысына Қытай командасы көтерілсе, үшінші орынды Өзбекстан мен Ресей құрамалары бөлісті.
Ақмола облысындағы «Амандық» полигонында Әскери топографтар кәсіби шеберліктерін сынға салды. «Меридиан» байқауында да бірінші орынға Қазақстан командасы көтерілді. Екінші орынды Қытай әскери қызметшілері еншілесе, үшінші орынды Өзбекстан мен Беларусь командалары өзара бөлісті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен наградталды. Сонымен қатар, әр конкурста жеке номинациялар бойынша жеңімпаз атанғандар да жүлделермен марапатталды.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)