Қазақстандық жауынгерлер әскери ойындарды жеңіспен бастады
![](/img/articles/uploads/62fa1a1079d41590083560_26d16c8b5f.jpg)
Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында өтіп жатқан «Тактикалық мерген» сайысында Қазақстанның әскери қызметшілері «Жаралы адамды эвакуациялау» кезеңінде үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Қытай иеленді.
Одан өзге мерген жаудың үздіксіз атқан оғының астында «жауынгер жолдасын» қауіпсіз жерге көшірді. Сонымен қатар ол бірнеше атыс позицияларынан нысанаға гранатамен оқ жаудырды.
Жараланған жауынгердің орнына 80 келіден (жаяу әскердің толық қару-жарақ, жабдығымен орташа салмағы) асатын бірнеше аспалы ағашты қосарлап имитация ретінде пайдаланды.
Бұл жаттығуды орындау арқылы қатысушы ату дәлдігі мен төзімділігін ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайда әрекет ету қабілетін де көрсетуі керек. Жаттығу барынша жауынгерлік, тактикалық жағдайға жақындатылған деңгейде өткізілді, – деді «Тактикалық мерген» сайысының төрешісі, майор Ғалым Садықов.
Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында біздің танкистер бірінші дивизионның жарысын сәтті аяқтады. Жеке жарыста бірінші экипаж құрамы – танк командирі, капитан Бексұлтан Алдаберген, көздеуші-оператор 3-сыныпты сержант Сұңғат Сәдуақасов және 3-сыныпты механик-жүргізуші сержант Сұлтан Құтекешов барлық нысанаға дәл соққы беріп, бүкіл кедергілерден мүлтіксіз өтіп, уақыт бойынша да үздік нәтиже көрсетті.
Сайыстың нәтижесінде біздің танкистер үш атыс шебі бар 12 шақырымдық тасжолды 25 минут 8 секундта жүріп өтті. Өзбекстан – 25 минут 18 секундта, Вьетнам – 34 минут 50 секундта, Венесуэла – 47 минут 5 секундта өтті. Екінші қазақстандық экипаж «Танк биатлоны» байқауының жеке жарысына 16 тамызда, үшінші – 20-сы күні шығатын болады.
Бүгін Ақмола облысы Щучинск қаласының «Амандық» полигонындағы атыс шебіне «Меридиан» сайысына қатысатын әскери топографтар шықты. Жамбыл облысындағы «Гвардейск» полигонында да жеке жарыс басталды, оның барысында сайысқа түскендер минаатқыштан, гранатаатқыштан және атыс қаруынан оқ ату тапсырмаларын орындайды. Қазақстандық әскери альпинистердің «Эльбрус шеңбері» сайысында көрсеткен алғашқы нәтижелері де белгілі болады.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)