00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қайырбек Өскенбаев құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

25.02.2023 | 13:35
Елорда ақпарат
51

Салтанатты рәсімде ведомство басшысы құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің әлеуетінің артуында құрылыс саласының маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Қайырбек Өскенбаев өз сөзінде құрылысшыларды кәсіби мерекесімен тек қана ИИДМ ғана емес, сонымен қатар барлық қазақстандықтар құттықтайтынын айтты.

Құрылыс саласы – экономиканың басты драйверлерінің бірі де бірегейі. Бұл сала отандастарымыздың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының артуына және барша азаматтарымыздың баянды болашағын қамтамасыз етуге тың серпін береді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында сәулетті де әсем ғимараттар бой көтеруде, түрлі әлеуметтік нысандар көптеп салынуда. Сондықтан да кәсіби мерекелеріңіздің қарсаңында сіздердің табанды еңбектеріңізге құрмет көрсетіп, ілтипат білдіруді ұйғардық, – деп атап өтті министр.

ИИДМ басшысы құрылысшыларға зор денсаулық, баянды бақ-береке мен толағай табыс тіледі. Сонымен қатар ол ерен еңбегімен көзге түскен бір топ қызметкерге арнайы салалық марапаттар табыстады.

Атап айтқанда, «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен «Granite» ЖШС бригадирі Құрман Кенжеғараев, «Bazis Construction» ЖШС мұнаралы кран айдаушысы Марат Мурбеков, «Иртыш - АС» ЖШС арматурашысы Асантай Мұсаев пен «Сапа» ЖШС техникалық қадағалау бөлімінің басшысы Болат Кизиев марапатталды.

Ал «Құрметті сәулетші» төсбелгісі «Ғимарат-Горпроект» мекемесінің директоры Үсен Жұмагелдинге, «Құрметті жолшы» белгісі ДЭУ-62 көлік жүргізушісі Виктор Мишенин, «Қазавтожол» АҚ ақылы автомобиль жолдары департаментінің машинисті Валерия Духшерер және «ҚАЖ» Жамбыл облыстық филиалының бөлім басшысы Райхан Күлпешовке берілді. Ал құрылыс саласының ардагері Көкен Дюсуповке Қайырбек Өскенбаев «Еңбек ардагері» медалін салтанатты жағдайда табыстады.

Все новости