00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Адам көркі...»: елімізде киім-кешек қымбаттады

25.02.2023 | 12:52
Айман Нығмет
128

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, айлық динамикада ең маңыздысы — Солтүстік Қазақстан облысында бағалар 3,5%-ға өсті. Антилидерлер үштігінде Маңғыстау және Қызылорда облыстары да бар. Бағаның ең аз өсуі Алматы мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.

Жылдық динамикада Маңғыстау облысының тұрғындары киім мен аяқ киім бағасының 16,5%-ға өскенін байқалды.

Маусым айында Ерлер киімі айлық динамикада 1,1%- ға, аяқ киім - 2,1%-ға қымбаттады. Бір жыл ішінде ерлер киімінің бағасы 9,1%-ға, аяқ киім - 9,5%-ға өскенін көрсетті.

Киім арасында ерлердің іш киімдері бір жылда 15,6%-ға, майка 4,9%- ға, джинсы 10,7%-ға, спорттық костюмдер 10%-ға, футболка 9,8%-ға, шұлықтар-9,7%-ға өсті. Өзге де киім-кешек түрлері 4,3 пайыздан 8,7 пайызға дейін қымбаттады.

Әйелдер секторында сыртқы киім бағасы бір айда 1,3%-ға және бір жылда 8,9%-ға, аяқ киім бағасы - бір айда 1,4%-ға және бір жылда 9,5%-ға өсті.

Жылдық динамикада көйлектер бір жылда бірден 11,9%-ға өсті. Өзге де киім-кешек түрлері 4,5 пайыздан 11,2 пайызға дейін қымбаттады.

Балалар секторында сыртқы киім ай сайын 1,1%-ға және ересек адам аяқ киім бағасы бір айда 1,9%-ға  өсті.

1 тамыз дерегі бойынша, ТМД елдері арасында ең қымбат киім Ресейде сатылады.

 

Все новости