00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандықтар жедел жәрдем мен өрт сөндіруші қызметіне ғана жоғары баға берді

25.02.2023 | 12:17
Айман Нығмет
99

Finprom.kz мәліметіне сәйкес, жедел медициналық көмек орталықтары көрсететін қызметтердің сапасына толық қанағаттанған қазақстандықтардың үлесі 54,6 пайызды, өрт сөндіру қызметі - 50,2 пайызды құрады.Бұл ретте полиция көрсететін қызметтердің сапасына қанағаттанған қазақстандықтардың үлесі 43,7%-ды, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы — 43,3%-ды, салық қызметі - 43%-ды, басқа мемлекеттік қызметкерлер - 39,9%-ды құрады.

Зерттеу респонденттерінің жауаптары келесі санаттарға бөлінді: «қанағаттанбаймын», «ішінара қанағаттанамын» және «қанағаттанамын», сонымен қатар «жауап беруге қиналамын немесе қолданбаймын»  нұсқасы да болды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына толық қанағаттанған респонденттердің үлесі ауылдық жерлерде қалаларға қарағанда көп болды. Бірақ респонденттер көбінесе полиция қызметіне қанағаттанбайды: мұнда бір жыл бұрынғыдай зерттеуге қатысушылардың 4,4%-ы бірден қанағаттанарлықсыз баға берді.

Все новости