00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін

25.02.2023 | 11:46
Елорда ақпарат
47

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда мереке күндері тізімінде жаңа кәсіби мереке пайда болады: 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні.

Түсіндірме жазбада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) саласының қызметкерлері ел тұрғындарын тәулік бойы жылу, электр, сумен қамтамасыз ететіні, көшелердің тазалығын қадағалап, елдің тұрғын үй қорын басқарып, күтіп-ұстайтыны, сол арқылы тұрғындарға жағдай жасайтыны атап өтілген.

Сондай-ақ, ведомсвто бұған дейін Кеңес Одағы кезінде ТКШ қызметкерлері күні дәстүрлі түрде шілденің төртінші жексенбісінде атап өтілгені айтылған. Одақ ыдырағаннан кейін бұл мереке Ресейде, Беларусьте, Украинада және Өзбекстанда сақталған.

Құжат жобасы 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұснылған.

Все новости