00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстанда медициналық мамандықтарға бөлінетін гранттар саны артты

25.02.2023 | 11:33
Елорда ақпарат
136

Қазіргі уақытта бакалавриатқа барлығы 2 700 грант бөлінді: "Мейірбике ісі", "Фармация", "Жалпы медицина/Медицина", "Стоматология", "Педиатрия", "Қоғамдық денсаулық" мамандықтарына 2 335 грант, квоталар – 365 грант (жетім балалар, мүгедектігі бар тұлғалар және т. б.), 20 грант – халықаралық келісімдер шеңберіндегі гранттар.

Магистратураға денсаулық сақтаудағы Менеджмент, Қоғамдық денсаулық сақтау, Мейірбике ісі, Фармация, Биомедицина, Медицина, Медициналық-профилактикалық іс мамандықтары бойынша 325 грант бөлінді.

Мәселен, 2023 жылы мемлекеттік гранттардың саны 1 500-дің орнына 1 700-ге дейін, 2024 жылы – 1 800, 2025 жылы – 2000-ға дейін ұлғайтылатын болады.

Айта кетері, резидентураның мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде денсаулық сақтау, аймақтандыру басқармаларының өтінімдеріне және ЖОО, ҒЗИ, ҰО өтінімдеріне сәйкес өңірлердің қажеттілігі ескеріледі.

Тұтастай алғанда, медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлердің қажеттілігі мен жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері ескеріле отырып қалыптастырылады.

Жыл сайын республикалық комиссия Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін мамандықтар бойынша білім беру гранттарын алқалы түрде бөледі.

Все новости