00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Азамат Батырбаевты ыстық үтікпен азаптаған полицей кінәсін мойындады

25.02.2023 | 11:23
Елорда ақпарат
48

 Бұл туралы заңгер Бауыржан Азанов айтты. 

Азамат Батырбаевты азаптаған полицейдің өз кінәсін мойындағаны туралы ақпарат келіп түсті. Енді оның сотталуына кепілдік берілген. Мен мақсатыма жеттім, - деді ол.

Оқи отырыңыз: Қаңтарда 5 полицей 25 адамды үтікпен азаптаған

Еске сала кетейік, 5 қаңтарда Талдықорғанда өткен наразылық акциясы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқан талдықорғандық Азамат Батырбаевты полицейлер ыстық үтікпен азаптаған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында бұл туралы хабардар екенін айтып, мұндай жағдайға жол берілмейтінін мәлімдеді.

Кейін Азамат Батырбаевты азаптау ісі бойынша күдіктілер қамауға алынған болатын.

Все новости