00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Аллаға тапсырдым!»: Роза Әлқожа баласын оқуға қабылдамаған Азамат Сатыбалдыға ренішін білдірді

25.02.2023 | 11:04
Елорда ақпарат
205

Әншінің айтуынша, қызы – Ақбота Айдынқызының бойы әртістерге қойылатын талапқа 2 сантиметр жетпей қалғаны оқуға қабылданбауға себеп болған екен. Осы ретте Роза Әлқожа оқу орнының ректоры, актер Азамат Сатыбалдыға деген ренішін желі арқылы жеткізді. 

Биыл бойы 1,65 см қыздарды қабылдайды екен. «Буратиноны» ойнағаны, қызылмен бітіргені ештеңе шешпейді екен. Тым құрыса емтиханға кіріп құласа да ризасың ғой!

Ақылы бөлімге де мүмкіндік жоқ (Ол да жылына млн теңге!). Сонда деймін де, кілең бойы ұзындарды жинап ап модельдерден подиум жасай ма екен?!

Сосын өз колледжі, басқа емес (Жүргенов)! Өз мұғалімдерін менсінбейтін не академия бұл?! Сосын өзі комиссия қылып жіберген Дулыға Ақмолда басты рөлдегі «Буратиноға» неге бес қойды, неге мақтады? Сосын Асанәлі ағаға неге мақұл деп алдады, осыны түсінбеймін!

Айман Қожабекққызы өтінсе де (ақылы бөлімге тым құрыса), алмайтын жас ректордың болашағы қалай болар екен?

Мейлі ғой. Алла қызымызға бақ берсін!

Сорбонна университетінің маңдайшасында: «Құдай бермегенді Сорбонна бермейді!» деген жазу бар екен. Сондықтан сонша иілген басымды көтеріп, аналық жүрегімді сыйламаған басшыларды Аллаға тапсырдым, – деді әнші.

Все новости