00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Басымды жарып ала жаздадым»: Пандустарды тексерген шенеунік арбамен бірге аударылып қалды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 10:58
Елорда ақпарат
92

Оқиға 8 шілдеде күндіз жеке нысандар мен жолдарды тексеру кезінде болған. Тексерісті жергілікті шенеуніктер мен Талдықорғанда жол жөндеумен шұғылданатын мердігерлер жүргізген. Сынақ барысында жекеменшік дәріхананың пандусында атқарушы хатшы арбамен бірге аударылып қалған.

Басымды жарып ала жаздадым. Бұл жекеменшік дәріхана маңында болды. Иә, бізде пандустармен мәселе бар. Кей жерде мүлде жоқ, кей жерде дұрыс орналастырмаған. Көбіне бұл жекеменшік мекемелерде. Кей кәсіпкерлер пандусты тым тік етіп орналастырады. Әрине, біздің мүмкіндігі шектеулі белсенділеріміз олардың үстінен шағым түсіреді, – деді Аманжол Жазықбаев.

Шенеунік ауыр жарақат алмаған. Сөзінше, тексеріс тек жекеменшік аумақтарда ғана емесе, жөндеу жүріп жатқан қала көшелерінде де өткен.

Все новости