00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Белгілі адвокат «Дикий Арман» қаңтар оқиғасы кезінде не істегенін айтты (ВИДЕО)

25.02.2023 | 10:50
ҒаниАтымтай
130

Адвокат билік органдары Арман Жұмагелдиевті Алматыға арнайы ұшақпен алдыртқанын мәлімдеді.

Ол өздігінен ұшып келе алмайды. Билік органдарының, белгілі бір құқық органдарының арнайы ұшағымен алдырылды деген әңгіме бар. Әйтпесе, әдеттегі ұшаққа билет сатып алып, Алматыға ұшып келе алмайды. Өйткені, ол іздеуде ғой. Шекара бекеттерінде, кедет бекеттерінде оған «қызыл жалауша» тұрды ғой. Ол құжатын көрсеткен бойда ол дереу қамауға алынуы керек. Әлеуметтік желісі арқылы оның Түркияда тұрғанын бәріміз білеміз. Қаңтар оқиғасында елдің ортасында жүр. Қолына қару ұстап алған. Айналасында қарулы азаматтар кілең. Содан-ақ, түсінікті ғой. «Дикий Арманның» жігіттері тек Алматыда болған жоқ. Барлық өңірде жүрді. Қылмыста ұйымдастырушы деген болады. Орындаушы деген болады. «Дикий Арманның» рөлі орындаушылық қана. Нақты болып жатқан процесстерге араласу, белгілі бір тапсырмаларды орындау ғана. Негізі міндеттері арандату, – деді Абзал Құспан.

 

Все новости