Арнайы бағдарламаға қатысуға 800-ден астам мұғалім өтініш берді – министрлік
![](/img/articles/uploads/62bbddc8e46fa162971963_0a6d74b0f3.jpg)
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдер тапшылығы немесе білім сапасы нашар өңірлерге үздік мұғалімдерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Мұндай мәселе Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында байқалады. Бұл өңірлерде математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері тапшы.
Үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарламада мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені бар. Атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын өтеу қарастырылған.
Арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 21 шілдеге дейін қабылданады. Алғашқы аптада педагогтерден 800-ден астам өтініш түсті. Қажетті құжаттар тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпараттық ресурстарында орналастырылған. Жалақыға қосылған үстемеақыға жалдамалы тұрғын үй мен коммуналдық төлемдерді өтеу кіреді. Сондай-ақ арнайы бағдарлама бойынша төрт облыстың біріне қоныс аударған педагогтің балаларына балабақша мен орта мектептерден орын беріледі. Сондай-ақ конкурстан өткен мұғалімдермен 5 жылға еңбек шарты жасалады», - деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Байқауға қатысу үшін өтінішті облыстың Білім басқармасына беруге болады. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының түлектерi қатыса алады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: компьютерлік тестілеу және эссе жазу, сонымен қатар әңгімелесу. Тестілеу мен эссе жазу үміткердің таңдауы бойынша компьютер форматында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өтеді. Ол еліміздің 17 аймағындағы НЗМ базасында жүзеге асырылады. Негізгі пән бойынша тест 25 тапсырмадан тұрады, ал эссе көлемі 350 сөз.
Құжаттарды қабылдау туралы қосымша ақпаратты өңірлердегі Call-орталық мамандары мен Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің сайтынан алуға болады.
![](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді](/img/articles/7479a91b1bf04f7a92afdceb3110f863.jpeg)
![Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады](/img/articles/790ccf4d7cb431098439c169add1cf8b.jpeg)
![«Күміс жас» жобасымен 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты](/img/articles/557e2c739be5043f18370b2561b377c0.jpg)
![1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі енгізіледі](/img/articles/ac9508c0de1fed53458f00ecd8a972c5.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)