2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b.jpg)
Жұмыс берушілер – қызметкер жалақысының 3 пайызын төлейді. Бұл 25 500 теңгеден аспайды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Ал жалдамалы қызметкерлер жалақысының 2 пайызын төлейді. Бұл 17 000 теңгеден аспайды.
Салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс. Дербес төлеушілер 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, бұл – 4 250 теңге. Ал жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, яғни 5 950 теңге.
2024 жылдың қаңтарынан бастап БЖТ болмайды, - делінген хабарламада.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мынадай тәсілдермен сақтандырыла алады:
- жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлеу;
- жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.
2024 жылы Бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5% құрайды. Бірыңғай төлем – жалақыдан ұсталатын 5 төлемді біріктіреді.
Олар:
- Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
- Әлеуметтік төлемдер (ӘТ);
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС);
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар;
- Жеке табыс салығы (ЖТС).
Бірыңғай төлемді жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнес өкілдері, жеңілдетілген декларация бойынша немесе арнайы салық режимдерінде жұмыс істейтіндер (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін) төлейді.
15 жеңілдік санатына кіретіндер үшін жарналарды мемлекет төлейді.
2024 жылы бір адамға айына 5 852,63 теңге төленеді, - деп жазылған МӘМС хабарламасында.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)