00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде құмар ойындарды ұйымдастыру қызметі бірнеше есе өсті

25.02.2023 | 09:28
Айман Нығмет
101

Ranking.kz мәліметінше бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде бірден 8,4 есе артық және толық 2021 жылдың көрсеткішінен екі есе дерлік артық.

Сандық деректерге сәйкес, 2021 жылы құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі 73,9 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда құндық мәнде 6%-ға аз (ол кезде көрсеткіш рекордтық 78,6 млрд теңгеге жетті). Естеріңізге сала кетейік: 2020 жылы сектордағы елеулі өсім төртінші тоқсанда байқалды, сол кезде көрсетілетін қызметтер көлемі бірден 59,4 млрд теңгеге жетті.

Құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы көрсеткіштен 21,3%-ға артық, кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар және өзге де мәдениет объектілері көрсететін қызметтер көлемінен 9 есе артық және шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы көрсеткіштен бірден 12 есе артық.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ойынқұмарлық ресми түрде психикалық ауру деп танылған. ҚР премьер-Министрінің орынбасары «Ойынмен күрес бойынша кешенді шаралар қабылдау туралы» депутаттық сауалында 350 мыңға жуық қазақстандық қазірдің өзінде ойынқұмар болып табылатынын, олардың көпшілігі-жасөспірімдер екенін атап өтті. ҚР-да бір ойыншының орташа қарызы шамамен 10 млн теңгені құрайды, Қазақстандағы 10 отбасының 7-і құмар ойынға байланысты ажырасады. Қылмыстық деректер мен суицид жағдайлары жиілеп кетті. Бұл ретте заңнамада осы қызметтерді жарнамалауға тікелей тыйым жоқ.

Өз кезегінде Үкіметте ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу мәселелері талқыланды, онда онлайн-казино сайттарының оңай қол жетімділігі мен кеңінен таралуы халықтың құмар ойындарға тартылуының негізгі себептеріне айналғаны айтылды.

Все новости