00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстандықтар жалақысының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайды

25.02.2023 | 09:16
Айман Нығмет
91

Үй шаруашылығы шығыстарының жыл ішіндегі кірістерге қатынасы 95,8% - дан 97% -ға дейін өсті. Яғни, 2022 жылдың бірінші тоқсанында үй шаруашылығын қамтамасыз ету үшін кірістің 97 пайызы кеткен. Яғни туыстары мен таныстарына материалдық көмек көрсетуге, алименттерге, сондай-ақ салықтар, төлемдер және басқа да төлемдерге бағытталды.

Елімізде өңірлер арасында 2022 жылдың бірінші тоқсанында ең жоғары шығыстар алматылықтардан байқалды. Олар айына 935,9 мың теңгеге дейін үй шаруасына жұмсайды. Одан кейін Қызылорда (орта есеппен бір үй шаруашылығына 881 мың теңге) және Қарағанды (862,3 мың теңге) облыстары тұр.

Бұл көрсеткіш шығыстардың кірістерден асып кеткенін көрсетеді. 2022 жылдың бірінші тоқсанында үй шаруашылықтары шығыстарының құрылымында тұтыну шығыстары 693,2 мың теңгені құрады. Оның жартысына жуығы немесе 377,4 мың теңгесі азық-түлік тауарларына, 182,6 мың теңгесі өзге  тауарларға және 133,1 мың теңгесі ақылы қызметтерге тиесілі болды.

Елімізде жалақы шығыстарының елеулі бөлігі тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындарға тиесілі. Себебі қазір азық-түлік пен алкогольсіз сусындар бағасының өсу қарқыны жеделдеді.

Все новости