Министр үздік медицина қызметкерлерін марапаттады (ФОТО)
![](/img/articles/uploads/62ac477572062442352422_68b91436e3.jpg)
Іс-шара барысында мемлекеттік наградалармен марапатталған денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Осылайша, медицина саласының 44 қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 маусымдағы №932 Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан зор үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі қажырлы еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
21 адам "Құрмет" орденімен; 14 адам "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды; 9 қызметкер "Шапағат" медаліне ие болды.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният салтанатты жиналыста сөз сөйлеп, денсаулық сақтауды қорғау – әлеуметтік даму саласындағы саясаттың басым бағыты, ал медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі денсаулық сақтау жүйесін нығайту мен дамытудың кепілі болып табылатынын атап өтті.
Медицина – бұл ерекше жан-дүниені сезіне білу қасиетін, жоғары кәсіби біліктілікті, білім мен тәжірибені қажет ететін сала. Дәрігерлер әрдайым адамгершілігімен, жанқиярлығымен және өз ісіне деген адалдығымен ерекшеленеді. Медицина адам туғаннан бастап өмірінің соңына дейін араша түсетін жалғыз мамандық. Адамның өмір сүруіне үміт беретін және жанынан бірінші болып табылатын, ол – дәрігер. Біздің барлық медицина қызметкерлерімізге олардың қазақстандықтардың денсаулығын қорғауға қосқан баға жетпес үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Ерекше алғыс сөздерін сала ардагерлеріне арнаймын. Сіздердің тәжірибелеріңіз дәстүрді сақтауға көмектесіп, мамандардың жаңа буынына үлгі болары сөзсіз. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, сіздерге және отбасыларыңызға бақыт, денсаулық, табыс, бейбітшілік пен амандық тілеймін, - деді А.Ғиният.
Жалпы, Қазақстан бойынша осы жылы денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және Медицина қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін 253 адам "Еңбек ардагері" медалімен; 565 – "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен; 569 медицина қызметкері "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі және мінсіз адал еңбегі үшін 574 медицина қызметкері Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды; 428 медицина қызметкеріне Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатына ие болды.
Айта кетер жайт, бүгінде Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина маманы, оның ішінде 78 мыңнан астам дәрігер мен 189 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді.
Қазақстанда күн сайын 2 мыңнан астам операция жасалады, тәулігіне 600-ден астам босану қабылданады, 7 мыңнан астам сау пациент стационардан шығарылады, емханаларда 420 мыңнан астам адамға және жедел жәрдемнің 19 мың шақыруына қызмет көрсетіледі.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)