Елордада мемлекеттік қызметкердің бүгінгі болмысы талқыланды
![](/img/articles/uploads/62a9c9cb64113785100274_bc5c0120ae.jpeg)
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев өз баяндамасында мемлекеттік аппарат мамандарының жұмыс сапасы талдау мен жүйелеуді қажет ететін мәлімдеді.
Биыл ақпан айында Мемлекеттік қызметшінің этика кодексі жаңа редакцияда жарияланды. Егер еліміздегі әрбір мемлекеттік қызметкер адал, әділ, сыпайы және ең бастысы, халық сұранысына дұрыс жауап берсе, қоғам тарапынан айтылатын сын-пікірлер азаяды. Бүгінгі жиында мемлекеттік қызмет жұмысын кәсібилендіру бойынша сарапшылардың пікір-ұсыныстары талқыланады, – деді агенттік төрағасы.
Парламент Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп сапалы мемлекеттік қызмет көрсету қазақ тілінде сөйлеуден басталатынын айтты.
Елімізде кәсіби білікті мамандар бар, бірақ олар мемлекеттік тілге шорқақ келеді. Халыққа маңызды ақпаратты ресми тілде жариялау арқылы қазақ тілді аудиторияға дұрыс ақпарат жетпейтінін көрсетеді. Ал оның соңы жалған ақпарат таратуға ұласады, бұл мемлекеттік қызмет саласына сын әкеледі. Сондықтан да кез келген мемлекеттік қызметкер сөз мәдениетін дұрыс түсініп, халық алдына көп шығуы қажет. Сондай-ақ зейнет жасқа шыққан мемлекеттік қызметкердің тәжірибесі мен біліктілігі ескеріліп, кеңесші маман ретінде жұмыс істеуге мүүмкіндік беру қажет, - дейді Сенат депутаты.
Пікір алмасу алаңында қоғам мемлекеттік қызметкердің жұмысын қалай бағалайтыны, оның халық алдындағы бейнесі, әдеп жөніндегі кеңес пен уәкілдің біліктілік талаптарын нақтылау қажеттігі талқыланды.
Сондай-ақ жиынға қатысушылар Жаңа Қазақстандағы мемлекеттік қызметші қандай болуы керек, агенттік тарапынан қабылданатын іс-қимыл мен бұл өзгерістерге қоғам белсенділерін қалай тартуға болатыны туралы онлайн сауалнамаға жауап берді. Нәтижесінде сарапшылар мемлекеттік қызметшінің патриот, қарапайым, өз жұмысына адал, стресске төзімді әрі тез шешім қабылдай алатын қызметкер болуы қажет деп есептейді.
Айта кетейік, кездесуге Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік қызмет саласының жетекшілері, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері, еліміздің белгілі журналистері, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)