00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада Махатма Гандиге ескерткіш қою жоспарланып отыр

25.02.2023 | 08:49
Елорда ақпарат
101

Қол қою рәсімі Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен Үндістанның Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Меенакши Лекхидің екіжақты кездесуі барысында өтті.

Кездесуде Дәурен Абаев биыл Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті.

Оның айтуынша, Нью-Делиде ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының бюстінің ашылуы берік және достық қарым-қатынастардың айғақтарының бірі болды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында Махатма Гандиге ескерткіш ашу жоспарланған.

Сондай-ақ Дәурен Абаев кинематография, мұрағат ісі, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, министр үнді кинематографистерін «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне қатысуға шақырды.

Ал Меенакши Лекхи кең ауқымды мәселелер бойынша өзара тиімді байланыстарды нығайтуға ниетін растады.

Все новости