00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Нұр-Сұлтанда 1700-ден астам ата-ана жауапқа тартылды

25.02.2023 | 08:37
Елорда ақпарат
103

Ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде болуына жол бермеу мақсатында тұрақты негізде жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізеді. Тәртіп сақшылары аулаларды, саябақтарды, скверлерді және жастар мен кәмелетке толмағандар жиналатын басқа да орындарды тексереді.

Полицейлер жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз түнде жүруіне жол бергені үшін 1738 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қайта бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша шешімді Нұр-Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов.

Сонымен қатар, рейдтер барысында әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау объектілері тексеріледі.

Айта кетейік, жыл басынан бері  ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша «кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» бойынша 44 құқық бұзушылық анықталды. Олардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 130 ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


 

Все новости