00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде коронавирус ауруынан кейінгі атқарылуға тиісті жұмыстар

25.02.2023 | 08:29
Елорда ақпарат
87

Соңғы жылдары дүниені дүр сілкіндірген «Эбола», сонымен бірге «Құс тұмауы» атауымен аталатын жұқпалы аурулар індеттерін адамзат баласы басынан өткерді.

Міне, елімізгеде «СОVID-19» атты коронавирус жұқпалы ауру індеті жетіп, кеңінен таралып, Үкіметтіде, қазақ халқында әбігерге салып, үлкен сынақтардан өткізгенінің куәсі болдық.

Сонымен қатар адам өкпесінің екі жақты пневмания ауруы қосылып, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бірінші жартыжылдықта 98 546 мын адам пневмания ауруына шалдыққан. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 55,4 пайызға өскен. Былтыр жыл бойы көрсеткіші бойынша 1780 адамның өлімі осы ауру салдарынан қайтыс болса 2020 жылдың тек алты айдың ішінде 1772 адам көз жұмған.

Енді, міне, тағы баспасөз беттерінен маймыл шешек вирусы Америка және Еуропа елдерінде кеңінен белең алып келе жатқанын естіп, көрудеміз. Біздің елге де келіп қалуы ықтимал. Бұл келеңсіз жағдайға біздің мемлекеттік құзырлы мекемелеріміз және медицина қызметкерлері дайын ба деген сұрақ ел жұртшылығын мазалауда.

Осы аурулардың барлығын тізбектеп, сараптама жасап отырған себебім, қай ауру болмасын оның таралуынан кейін бәсеңдеп, аяқталары хақ екендігін көріп, білудеміз. Бұл аурулар да тоқтап, адамзат баласына өзінің теріс әсерін тигізуін тоқтататын күндердің келетініне сеніміміз мол.

Олай деп болжайтын болсақ, алдағы уақытта елімізде дәл осындай сын сағаттар туындаған жағдайда мемлекетіміз және халық басқа түскен бұл сынақтардан адам өлімінің мейлінше аз болуы үшін не істеуіміз керек деген заңды сұраққа жауап іздеп көру – осы мақаланың басты мақсаты.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың баспасөз құралдарындағы мәлімдемесі бойынша Үкімет мүшелері де, әкімдер де «тоқмейілсудің, масайраудың қақпанына түскен». Әкімдер аса күрделі жағдайда жұмыс істей алмайды. Өзекті проблемаларды шұғыл шешуді, азаматтарға мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіре алмайды деп жария еткенін барлығымыз естідік.

Олай болса, дәл сол коронавирустың аяқталу мезгілін күтпей, қазірдің өзінде Мемлекет тарапынан тәуелсіз және белсенді қоғам қайраткерлерінің, республикалық қоғамдық ұйымдар мүшелерінің қатысуымен топ ұйымдастырып, Қазақ елінде інтеттің кеңінен таралуын заң,  медицина мен фармацефтика, білім, ішкі және сыртқы істер қызмет жүйесіндегі келеңсіз жағдайлардың туындау себептерін шынайы, ештеңені жасырмастан айқындауымыз қажет. Егер осы жұмысты бүкпелеп, кейбір жағымсыз болған фактілерді жасырып, нақты статистикалық көрсеткіштерді бұрмалайтын болсақ, болашақта тәуелсіз мемлекетіміздің қауіпсіздігінің тамырына балта шапқан боламыз. Сонымен бірге шынайы жағдайлар айқындамайтын болса, дертке қарсы атқарылар жұмыстардың нәтижелері де айтарлықтай оң ықпалып тигізе алмайтыны сөзсіз.

Дана халқымыздың «Ауруын жасырған ауырмай өледі» деген сөзі бар. Осы тұрғыдан ойымызды әрі қарай өрбітетін болсақ, біріншіден, алдағы уақытта бұл індеттің аз уақыт ішінде кенінен таралуының басты себептерін айқындағанымыз жөн болады.

Коронавирусқа қарсы тиімді вакцина табылмайынша, жақын арада адамзат үрейден арылуы екіталай. Не істеу керек? Қазақ билігіне дені сау халық керек болатын болса, жүйелі шараларды тез арада қолға алып, жүзеге асыру қажет.

Елімізге коронавирус ауруының кеңінен таралуына кім кінәлі деген заңды сұрақ туындайды. Билік пе, әлде халықпа? Менің ойымша, бірінші кезекте ел билеушілер жедел түрде батыл қадамдар қабылдаған жағдайда аурудың кең таралуына тосқауыл болып және о дүниелік болған адамдардың саны аз болар еді деп болжаймын.

Коронавирус ауруына шалдыққаннан бергі уақытқа көз жүгіртетін болсақ, ең осал жеріміздің бірі, ол – қазіргі Үкіметтің төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел түрде керекті шараларды тез арада қабылдай алмайтындығы. Министрліктердің және министрлердің арасында байланыс пен сабақтастықтықтың жоқ екенінің куәсі болдық. Соның салдарынан керекті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді ауруханаларға жедел жеткізу логистикасының мүлде жоқ екендігін, вирусолог дәрігерлердің тапшылығын және дәрігерлерді оқытып дайындайтын білім беру жүйелерінің төмендігін, дәріханаларда дәрілердің бағасын белгілеудегі бассыздықтарын, алыпсатар саудагерлердің пайдақұмарлықтарын байқадық.

Соңғы екі-үш жылдан бері елімізде жаңадан медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп келді. Ол қордың басты мақсатының бірі – халыққа белгіленген мөлшерде ақысыз медициналық көмек көрсету болатын. Милиондаған қаражатты жинақтап, аккумуляция жасаймыз, соның негізінде медицинаны жаһандық үлгіде жаңа биіктерге жеткіземіз деп қор басшылары халыққа уәде беріп, жария етті. 

Аяғында қордың жетекшілері ҚР Президентінің сынына ұшырап, ақыр аяғында жемқорлық фактілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалуын құзырлы тексеру өткізетін органдарынан талап етті. Оның аяғы немен бітетіндігін алдағы уақыт көрсете жатар.

Дәл осындай жағдайдың бұрын-соңды басымыздан өткергеніміз туралы және сол кезеңдерден керекті қорытынды жасай алмағанымыз мені қынжылтады. Осыған орай сол уақиғаны оқырмандарға жеткізу мақсатында еске алуға тура келіп тұр. 

Есімде, 1997 жылдың күз айларында Қазақстан Республикасының Парламенті ол кезде Алматы қаласында болатын. Мемлекеттік қызметкерлердің арасында Ақмолаға көшу туралы мәселе өрбіп тұрған шақ болатын.

Әдетте аптаның бірінші күнінде Мәжілісте алдын ала бекітілген жұмыс жоспары бойынша Үкіметтің жанындағы министрліктердің бірі еліміздегі көкейкесті мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөніндегі мәлімдемелері тындалатын. Міне, сондай кезекті Үкімет отырыстарының бірінде Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық медициналық сақтандыру қорының атқарған және атқарылатын жұмыстарының қорытындылары бойынша ақпарлары тыңдалды.

Жасыратыны жоқ осындай маңызы орасан зор жиындарға дәрігер болмасам да алдын ала дайындалып баруға тырысатынмын. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандарымен және медицина саласында қызмет атқарып жүрген дәрігерлермен жүздесіп, пікір алыстым. Міне, сол дайындықтың барысында көптеген ұйымдастырушылық мәселе бойынша сұрақтар туындап, баяндамашыға қойылды. Олардың ішінде: «Қордағы жинақталған қаражаттың мақсатты түрде жұмсалатынына қандай кепілдіктер бар? Банктердегі депозиттік есеп-шоттарға бұл қаражаттар салынды ма? Салынған жағдайда олардың үстеме пайыздары қандай? Қордың қаражаттары мақсатсыз жұмсалу фактілері орын алды ма, ондай келеңсіз фактілер тіркелген жағдайда басшылық тарапынан қандай шаралар атқарылды? Қордың жетекшілеріне және қызметкелерінің орта есеппен алғанда айлықтары қандай көлемде тағайындалды?» т.б. сұрақтар сол кездегі Қоғамдық медициналық сақтандыру қорының (ҚМСҚ) төрағасы Талапкер Иманбаевтың атына жолданды.

Баяндамашының мардымсыз жауап беруіне байланысты мінбеге шығып, өз ойымды айтуға тура келді. Жоғарыда қойылған сұрақтардың көбіне жауап беріліп, қазіргі кезде қордың тиімсіз және мақсатсыз түрде жұмсалып, ұрланып жатқандығы жөнінде фактілер туралы тіке айтылды.

Қорытынды сөзімде тез арада ҚМСҚ қаржылық аудит тексеруді өткізіп, айтылған фактілер анықталған жағдайда, қордың басшыларын жауапқа тартуды ұсынғанмын. Көп ұзамай «Т.Иманбаев шетелге қашып кетіпті, бет жүзіне пластикалық операция жасапты» деген хабарды естідік.

Бұл уақиғаны еске алып, жазып отырған себебім, сол кезде Т.Иманбаевтың қордаң ұрлаған миллиондаған қаражатпен шет мемлекетке өтіп кетуіне жол бермеген жағдайда еліміздегі жаңадан ұйымдастырылып жатқан ҚМСҚ аясындағы келеңсіз жағдайлар болмас па еді деген үміт қой, қайдам, тек бір айтылған ой ғой.

Тәуелсіз ел болғалы республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға беріліп, халық игілігіне жұмсалатын қаражаттың ұрланып жатқандығын жиі естудеміз. Әсіресе, білім мен ғылымға жұмсалатын қаражаттардың қолды болып кетуіне қайран қаламын! Елімізде КОРОНАВИРУС індетінің өршіп кетуіне байланысты қашықтан оқытуға мәжбүр болып жатқандығымыз туралы Білім және ғылым министірлігі шешім қабылдаған болатын-ды. Алайда бұл шешімнің орындалуы оңайға түспегендігі анық. Соңғы мен кездестірген статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 95% қалада орналасқан орта мектептер айтылған жүйе бойынша дайын болып шыққан. Ал ауылдық жерлердегі білім ошақтарында компьютерлік жабдықтардың көнеріп, талаптарға сай болмауына және олардың мүлде жоқтығы берілген бұйрықты орындауға мүмкіншіліктері болмағанды туралы сеніммен айтуға болады. Бұндай келеңсіз жағдайлар неге орын алды деген заңды сұрақтар туындайды. Менің ойымша, ең басты себеп, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етудеміз, оған қомақты қаражаттар бөлініп, компьютерлермен жабдықтаудамыз деген талай Білім мен ғылым министрлерінің берген ақпарлары жалаң сөз болды деген қорытындыға келуге әбден болады.

Қазақстанда цифрлық жүйеге көштік, ауылдық жерде орналасқан елді мекендерді интернет жүйелеріне қосып жатырмыз деген ұрандардың айтылғанына бірнеше жыл болды. Жүйені енгізу үшін жылда республикалық бюджеттен милиондаған қаражат бөлінді. Алайда қашықтан оқыту жүйесіне көшуге байланысты айтылған ақпарлардың шындыққа жанаспайтындығы анықталуда. Себебі ауылдардың жартысынан көбі интернет желілеріне қосылмағандығына байланысты оқушылар уақтылы және сапалы білім алу мүмкіндігіне жете алмаған. Осындай туындаған жағдайға байланысты ауылда оқып жатқан жеткіншектеріміздің талапқа сай білім алмағандығын айтуға болады. Ал олар ертең жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты тестілерді қалай тапсырмақшы?

Құдай сақтағанды сақтайды, сақтанайықшы, сақтанғаның айналаңды сақтағаның екендігін бір сәтке де естен шығармағанымыз абзал.

Олар: қазіргі кездегі қолданыстағы заңдарымызға, оның ішінде ҚР Қылмыстық және Денсаулық сақтау көдекстеріне, Білім мен ғылым туралы, Дене тәрбиесі және Спорт, Төтенше жағдай туралы заңдарға тез арада өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

 

Төлеген Қуанышев,

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі,

педагогика ғылымының кандидаты, профессор

Все новости