00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Биыл әуе және темір жолда 19 000 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген

25.02.2023 | 08:23
Елорда ақпарат
130

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов мәлім етті.

Оның айтуынша, жыл басынан бері департаментте 19 209 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Сондай-ақ қаңтар және мамыр айлары аралығында көлік полицейлері түрлі құқық бұзушылық жасағандары үшін жолаушылар пойызы мен ұшақтардан 701 азаматты түсірген. Оның 437-сі жолаушылар пойызынан, ал 264-і – әуе көлігінен.

Мәселен, 4 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Дубай – Нұр-Сұлтан бағытындағы әуе рейсінен акт бойынша тәртіп бұзған әйелді түсірді. Тексеру барысында полицейлер әуе кемесінің бортында темекі өнімін тұтынған 21 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматшасын анықтаған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабы 1-2 бөлігімен, яғни, әуе кемесінің бортында темекі өнімін тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 153 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.
 

Все новости