00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Есіл өзенінің түбін тазалау жұмыстары жүріп жатыр

25.02.2023 | 08:21
Елорда ақпарат
68

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы тазалау жұмыстарын өзен түбінің қазіргі жай-күйін тексеру, әртүрлі қоқыстардан тазарту, жағалауды нығайту, су түбінде тұнба шөгінділері мен өзен тереңдігін айқындау мақсатында қолға алған.

Сүңгуірлер Кенесары көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде, сондай-ақ Тельман елді мекеніндегі «Жасыл арал» ауданында Есіл өзенінің түбін тексерді. Есіл өзені акваториясының түбін сүңгуірлік тексеру 88 900 м2 алаңда жүргізілді және түрлі қоқыстардан тазартылып, 889 нүктеде су түбі/тұнба шөгінділерінің деңгейі анықталды.

Зерттеу барысында Есіл өзенінің түбінде көлік дөңгелектері, өзге де ірі көлемді қалдықтар табылды.

 

Все новости