00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде асыраушысынан айырылған отбасылар 43 мың теңге жәрдемақы алады

25.02.2023 | 07:20
Елорда ақпарат
97

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, оның ішінде сәуір айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға - 27,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы төлеуге - 7,7 млрд теңге жұмсалған.

Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны - 525,8 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша - 175,9 мыңға жетті. Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

1 мамырдағы жағдай бойынша мүгедектікке төленетін әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 52 347 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 43 574 теңге.

Все новости