Елордада Әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері референдумның мән-маңызын талқылады
![](/img/articles/uploads/6284d7a4c85dc054124994_00032f20ac.jpg)
Бүгін елорда әкімдігі жанынан құрылған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бүкіл мүшесі жиналып жатыр. Ондағы мақсатымыз – Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдумның мән-маңызын талқылау. Соңғы рет референдум 27 жыл бұрын өтіпті. Ол кезде заңға енгізілетін өзгерістер Парламент деңгейінде талқыланған еді. Ал бұл жолғы референдумның ерекшелігі – ол халықпен ақылдасу, халықтың үнін тыңдау, халықтың билікке араласуына жол ашуды қамтиды. Оны қоғамның саяси сауаттылығын көрсететін емтихан деп білемін. Сондықтан осы емтиханнан ұлт болып сүрінбей өтуіміз керек, – деді «Бақытты отбасы» орталығының төрайымы Ырза Тұрсынзада.
Комиссия мүшелерінің айтуынша, қоғамның жақсы жаққа өзгергенін қалайтын кез келген азамат референдумға қатысып, саясатқа араласуға тиіс.
Отбасы мәселелері, балаларға қатысты проблемалар, демографиялық саясат – мұның бәрі қазір кез келген ақпарат ұйымының күн тәртібінде тұрғаны белгілі. Сондықтан теледидар мен газет беттерінен Президенттің жаңа Қазақстан жайлы идеясын көріп-тыңдап қана қоймай, осы іске өзіміз араласып, саяси жүйені қалыптастыруға үлес қосуымыз қажет. Біздің тамшыдай болсын үлесіміз қоғамымызды өзгертуге әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Бұрын біз, халық, ешқашан Конституцияны өзгерту ісіне қатысқан емеспіз. Енді сол мүмкіндік туып тұр, – деді журналист, елорда әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Айгүл Мүкей.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)