00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мүгедектігі бар азаматтарға нотариус тегін қызмет көрсетеді

25.02.2023 | 06:26
Елорда ақпарат
73

Мүгедектігі бар азаматтардың денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсету, техникалық және құқықтық сипаттағы әрекеттерді жасау кезінде жеке нотариустердің қызметін тегін алу, ақпаратқа қол жеткізу және кедергісіз орта қалыптастыру құқықтарымен қамтамасыз ету бөлігінде бірқатар өзгеріс пен толықтыру бар, – деді Лариса Павловец.

Заң жобасына ерекше қажеттілігі бар азаматарға еңбекке қабілеттіліктен айыру дәрежесін белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптамадан сырттай өту мүмкіндігін беру, дәріханасы жоқ ауылдық жерлердегі азаматтар үшін медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды денсаулық сақтау ұйымдары арқылы өткізу сынды түзету енгізілді.

Мұнымен қатар, аталған заң жобасында мүгедектігі бар баланы шипажайға емдеуге алып жүретін заңды өкілінің біреуіне 70% жеңілдік жасау туралы шешім қабылданды. Бұдан өзге жүріп-тұруы шектелген азаматтарды тасымалдауға бейімделген автобустарды көбірек сатып алу сияқты нормаларды 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізу туралы шешім қабылданды. Комитет «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, оны парламент сенатының қарауына жіберуге болады деп есептейді, – деді Лариса Павловец.

Все новости