«Малдың өзі тығылып жатыр»: Шыбын-шіркейге таланған жұрт шу шығарды (ВИДЕО)
![](/img/articles/uploads/62734d35bb918009922070_16724e13ab.jpg)
«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, ауыл тұрғындары зиянкестердің көптігі соншалық, тіпті далаға шығудан қалғандарын айтады.
Үйде жатамыз қазір, далаға шығудан қалдық, - дейді Отырар ауданына қарасты Сарыкөл ауылының тұрғыны Әшірбай Кенжебеков.
Ауылдағы балабақша меңгерушісі Замира Мұсаева да қазір балаларды мүлде далаға шығармайтындарын, бүлдіршіндер таңертең келгеннен кешке қайтарда бір-ақ шығатынын айтады. Оның сөзінше, себебі таза ауаға шығаруға, ойнатуға мүмкіндіктері жоқ. Зиянкестер шақса, балаларды бет-ауыздары ісіп, аллегрияға айналып кететін көрінеді. Ауылда шыбын-шіркейдің көптігі сонша ата-аналар мектепке балаларының бет-ауызын бүркеп жіберетін болған. Бірақ сонда да балалар жәндіктердің шағатынын айтып отыр. Ауруханаға зиянкестер шаққанға шағымданып келушілер саны да артқан. Олардың дені балалар.
Жабысып, шаққан жері қышып, қышу қанбайды. Бала жылайды. Жұмысқа барып келуіміз мұң болып тұр. Залалсыздандырып жатқан жоқ. Көмек жоқ. Қайбір жылдары дәрі шашқан, сол кезде азайған. Биыл, былтыр ондай ештеңе көрген жоқпыз, - дейді дәрігерлік амбулатория қызметкері Гүлжан Алтынбекова.
Жергілікті жұрт шыбын-шіркей тек адамдарға ғана емес жан-жануарларға да залалын тигізіп жатқанын айтады.
Малдың өзі қазір жайылудан қалып, тығылып жатыр. Түнде ғана жайылады. Күндіз малдың да, адамның да жүруі мүмкін емес. Жаңадан туған төлдерді жеп қояды. Жабылып, құлағын қанатып жібереді, - дейді мал дәрігері Ерлан Алтанов.
Зиянкестер ауыл диқандарының да жұмысын тұралатып тастаған.
Көктем аяқталып келе жатыр. Егіс егу керек, жұмыс істеу керек. Оған еш мүмкіндік жоқ. Қас қарайғанша осы шіркей маза бермейді, жұмыс істетпейді. «Жаздың бір күні қыстық азық» дейді. Біз еңбек етпесек, ол қалай өнім болады. Өнім болмайды. Қазір біздің ауданда шіркейге қарсы ешқандай қозғау жоқ, - дейді диқан Тұрсын Боранбаев.
Ауылдықтар бұл жәндіктердің тым көбейіп кеткенін соңғы жылдары залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілмеуімен байланыстырады. Ал тұрғындардың назына қатысты жауап берген маман бұл мәселе бойынша жұмыс 2023 жылы басталатынын, биыл елді мекен аумақтарын залалсыздандыру жұмыстары аудан әкімдігі тарапынан жүргізілетінін жеткізді.
2023 жылдың бюджетіне есепті дайындап жатырмыз. 2023 жылы жұмысты бастаймыз. 2022 жылы аудан әкімдігі тарапынан өздері жұмыс жүргізеді, - дейді облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бақтыбай Убайдин.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)