«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы қалай бала сүюге болады
![](/img/articles/uploads/627269dc08ea5576604252_2b1091a644.jpg)
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
Бағдарлама бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған отбасылық жұптар да, жеке адамдар да қатыса алады. Қазақстанның азаматы болуға тиіс және денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық талаптарға сәйкес келуі керек. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысатын адам міндетті түрде ерікті түрде жазбаша келісім береді.
Олар:
- репродуктивті жас – 18-ден 49 жасқа дейін;
- қалыпты соматикалық және эндокриндік көрсеткіштер;
- жоғары фолликулярлық резерв.
Қандай жағдайда квота берілмеуі мүмкін?
Мамандар үміткерді медициналық тексерістен өткізгеннен кейін экстракорпоральды ұрықтандырудан бас тартуы да мүмкін. Ондай бірнеше мәселе ескеріледі.
- жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары;
- соматикалық және психикалық бұзылулар;
- аналық без ісіктері, жедел қабыну және кез-келген локализация онкологиясы;
- денедегі қатерлі өскіндер;
ЭКО-ға жолдама қалай беріледі?
Бағдарлама аясында ЭКО-ға жолдама алу үшін алдымен тіркелген жері бойынша емханаға бару міндетті. Сол жерде үміткерді бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тізіміне қосады. Одан кейін тексерістен өтеді.
12 айдың ішінде емхана бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді. Комиссия оң шешім шығарған жағдайда әйелді «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына тіркеп, емшараға дайындық басталады.
Пациент экстракорпоралды ұрықтандыру клиникасын өзі таңдайды.
«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасы жылына бір рет тегін жасалады.
Жылына неше рет тегін ЭКҰ жасатуға болады?
МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан жылына бір рет тегін өтуге болады. Талпынысыңыз сәтсіз аяқталған жағдайда қайтадан кезекке тұрасыз.
Биыл қанша квота бөлінген?
2022 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры алдын ала есептелген сомасы – 6,68 млрд теңге. Оған 7 000 ЭКҰ циклын қаржыландыруды көзделген.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 824,6 млн теңгеге 835 экстракорпоралдық ұрықтандыру жасалған.
Бұл алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда көп: 2020 жылдың бірінші тоқсанында барлығы – 59 ЭКҰ, 2021 жылдың бірінші тоқсанында 526 цикл шығарылды.
Қанша ұйым жасайды?
Еліміздің 9 өңірінде 19 медициналық ұйым ЭКҰ қызметін ұсынады. Оның 18-і – жекеменшік ұйым.
Клиниканы өз бетінше таңдауға бола ма?
Пациент экстракорпоралдық ұрықтандыру үшін клиниканы өз бетінше таңдауға құқылы.
ЭКҰ қызметтерін көрсететін жеткізушілердің тізімімен Қордың ресми сайтында «Науқас үшін» бөлімінде, әрі қарай «Клиника таңдау» батырмасын басу арқылы танысуға болады.
Бағдарлама қашанға дейін жалғасады?
«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады. Соның аясында жыл сайын 7 мың квота бөлініп тұрады. Үміткерлерге донорлық аналық және аталық ұрықты пайдалануға мүмкіндік беріледі.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)