00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Зулфухар Сұлтанұлы: Еліміз үлкен өзгерістердің алдында тұр

25.02.2023 | 05:49
Елорда ақпарат
85

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясының қатысты. Президентіміздің наурыз айындағы Жолдауы мен сессиядағы баяндамасының арасында үлкен логикалық байланыс жатыр.

Президентіміз билікке келген тұстан бастап өзінің басты ұстанымын: «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп жариялады. Жолдауда Президенттің «мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын» деген сөзінде қаншама жауапкершіліктің жатқанын аңғарамыз. Ал кешегі сессияда Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолдарына тағы да тоқтала келе «жаңа Қазақстан дегеніміз – бұл әділетті Қазақстан. Оны құруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосу керекпіз» деп атап өтті.

​Заманында түріктің атақты ақыны Назым Хикметтің «Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ» - деген өлеңін, мен барша алаш жұртына жолдар едім.

Еліміз үлкен өзгерістердің алдында тұр. Осы саяси жаңғыру мен реформалар елдің тағдырын, болашағын айқындамақ. Кезінде Күлтегін бабамыз «Елі бегіне, бегі еліне сенген ел - ұзақ жасайды» деген екен. Ендеше, ел болып, елдігімізді танытып Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайық, - деді Зулфухар Сұлтанұлы.

 

Все новости