00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Гүлжамал Жапарова: Қазақстан – бірлік пен бейбітшілік бесігі

25.02.2023 | 05:47
Елорда ақпарат
70

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясында қазақ жері, көп ұлтты қазақстандықтар үшін маңызды, әрі мағынасы терең татулық пен бейбітшілік тәрізді рухани дүниенің қоғамымыздың дамуына, жаңа Қазақстан құрауда басты ұстанатын принципіміз болып табылатындығына баса назар аударды. 

Мемлекет басшысы «бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз» екенін атап өтті. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғасы кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз» деген сөздері арқылы мемлекеттілігіміздің тірегі осы бейбіт өмір мен халқымыздың бірлігі, оны үнемі нығайта түсу керек және соған бар күшімізді жұмсауымыз қажет екенін баса атап өтуінде үлкен мән бар.

Қазақ халқы ғасырлар қойнауынан үнемі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманды аңсаған, халқы үшін «жерұйықты іздеген» халық. Бүгінгі Қазақстан халық арман еткен жерұйықтың бесігі мен кіндігіне айналуы тиіс. Ол – ата-баба арманы. Кейінгі ұрпаққа аманаты. Ал біздер мен сіздердің міндетіміз осы жолдағы Президентіміздің бастамаларына қолдау жасап, әрбіріміз қазақ елін достық пен бірліктің, бейбітшіліктің тірегі мен ұлтаралық келісімнің бесігіне айналдыру жолында барынша еңбек етіп үлесімізді қосу болса керек.

Тілі басқа болғанмен – тілегі бір, түрі әртүрлі болғанмен рухы бір халық болып, Отанымызды қастерлей, мұраларымызды құрметтей алатын, зайырлы мемлекет ретінде қазақ жері әлем сахнасында өзіндік лайықты орынға ие болатынына, жастарымыз болашақтарына сеніммен қарайтын елге айналатынымызға сенімдіміз.

Все новости