00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ТҚК механигі клиенттің көлігін бөлшектеп тастаған

25.02.2023 | 05:40
Елорда ақпарат
88

Polisia.kz мәліметіне қарағанда, 25 сәуірде Қосшы қаласының полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны өтінішімен жүгінген. Ер адамның айтуынша, елді мекендегі Техникалық қызмет көрсету стансаларының бірінде оған тиесілі Opel автокөлігін ТҚС қызметкерлері бөлшектеген. Көліктің дөңгелектерін, бүйіріндегі айнасын алып тастаған. Шығын сомасы – 1,5 млн теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Техникалық қызмет көрсету стансасының 41 жастағы механигін анықтады.

Зардап шегуші көлікті 2019 жылдан бері жөндеуден әкетпегені анықталды. Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тексеру жүргізіліп жатыр.
 

Все новости