БҚО-дағы су тасқыны кезінде волонтерлік штаб тұрғындарға жәрдемдесті
![](/img/articles/uploads/6261324466352536215171_7d719e1ef8.jpeg)
«Ақжайық жастары» волонтерлік корпусының жетекшісі, БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы Назерке Құрамысованың сөзінше, аймақтағы су тасқыны кезінде волонтерлер аянбай жұмыс істеп, апат болған аймаққа көмек қолын созған.
БҚО үш ауданында су тасқыны болғанын естіген боларсыздар. Сол кезде волонтерлік штаб құрылды. Онда еріктілер күндіз-түні киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттар және мектепке қажетті құрал-жабдықтардың бәрін жинақтады. Осы кезде 50-60 қорап киім-кешек және басқа да тауар келді. Үш ауданға көмек ретінде облыс бойынша заттарды жинақтадық. Одан бөлек демеушілерден қаражат жинап, аудандарға көмек ретінде жіберу жұмыстарына атсалыстық, - деді ол.
Сонымен қатар өңірдің волонтерлері қайырымдылық істермен қатар мәдени ағартушылық бағыттағы жұмыстарды да атқарады.
Айына 2 рет қайырымдылық іс-шаралары өтіп тұрады. Мәселен, мұқтаж жандарға азық-түлік, дәрі-дәрмек алып, көмектесіп тұрамыз. Бұған қоса, қазір «Рухани жаңғыру» апталығы өтіп жатыр. Яғни ұлттық құндылықтарға көңіл бөлінетін апталық болғандықтан түрлі бағыттағы ұлттық спорттық ойындар, ұлттық әндерді шырқау сынды іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Сондақ-ақ апта бойы құрақ көрпе, тақия тігуден шеберлік сағаттары өтіп тұрады, - деп атап өтті волонтерлік корпус жетекшісі.
Жақында аймақта «Ақжайық жастары» волонтерлік мектебі ашылып, еріктілердің ұйымшыл, белсенді ұжымын қалыптастыру мақсатында оқыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ондағы мақсат – волонтерлердің ұйымшыл, белсенді ұжымын қалыптастыра отырып, азаматтыққа, патриотизмге баулу. Сонымен қатар адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеп, еңбекқорлыққа, оқуға, жұмысқа және өмірге деген шығармашылық көзқарасты қалыптастыру.
Волонтерлер үшін арнайы сабақ бар. Онда еріктілерді дамытатын дағдылар үйретіледі. Бұған Батыс Қазақстан облысынан волонтер болғысы келетін кез келген азаматы қатыса алады. Бұл мектеп бағдарламасының мерзімі - 1 оқу жылы, яғни 34 апта. Әр сабақ 1,5 сағаттан болады. Осында оқудың нәтижесінде әр ерікті әлеуметтік салада өз идеялары мен жобаларын іске асыру үшін тәжірибе мен дағдыларды үйрене алады, - деді Назерке Құрамысова.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жанынан құрылған «Ақжайық жастары» волонтерлік корпусы – қазіргі таңда облыс бойынша ең үлкен және ең белсенді волонтерлік топтардың бірі. Өз жұмысын 2017 жылы бастаған, БҚО аумағындағы 12 аудан және Орал қаласын қамтиды. Ұйымның басты мақсаты – волонтерлерді тұлғалық дамыту. Облыстағы волонтерліктің дамуы тек волонтерлердің дамуымен іске асады деген ұстанымды қолдайды. Сол себепті оларға түрлі бағыттағы (тілдік және волонтерлердің сұраныстары бойынша) курстар мен семинар-тренингтер ұйымдастырылып тұрады.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)