00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мүгедектікті белгілеу бойынша 11 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

25.02.2023 | 04:21
Елорда ақпарат
85

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, Қазақстанның барлық 17 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба іске қосылды.

Мүгедектік тобын белгілеу бойынша қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі керек, ал қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Жалпы, сырттай куәландыруға көшу:

- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді;

- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процесін автоматтандырады;

- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды.

Пилоттық жоба арқылы 2022 жылы мүгедектікті белгілеу бойынша қызметтерді сырттай көрсетумен қамтуды мүгедектігі адамдардың 20%-ына дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Все новости