00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Online жәрмеңке ұйымдастырылды

25.02.2023 | 04:06
Елорда ақпарат
83

Online жәрмеңкенің басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, халықтың көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болу деңгейін арттыру.

Әділет департаменті 2021 жылы 16 643 рет қызмет көрсеткен.  Ең көбі – азаматтық хал актілерін тіркеу бағыты бойынша 14 416 қызмет көрсетілген.

Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу бағыты бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ  филиалы 276 096 қызмет көрсеткен.

Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуге: жылжымайтын мүлікке құқықтарды бастапқы және қайталама тіркеу, сәйкестендіру сипаттамаларын өзгерту (жылжымайтын мүлік объектілерінің алаңын, кадастрлық нөмірін өзгерту, объектілерді бөлу және біріктіру), құқық ауыртпалығын, заңдық талапты және құқықты уақытша және тұрақты тоқтатуды тіркеу сияқты қызметтер кіреді.

Оnline-жәрмеңке режимінде азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарына үйден шықпай-ақ жауап ала алады.

Жәрмеңкелер мемлекеттік органдармен бекітілген кестеге сәйкес жеке-жеке әрбір мемлекеттік органның қызметі тақырыбы бойынша интернет платформалар арқылы, кері байланысты қамтамасыз ете отырып өткізілуде, – делінген хабарламада.

 

 

Все новости