00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қызылордалық полицейлер 85 жастағы әжеге жаңа төлқұжат алуға көмектесті

25.02.2023 | 04:01
Елорда ақпарат
68

Қызылордалық көші-қон полиция қызметкерлері кейуананың үйіне барып, жаңа төлқұжатын табыс етті.

Қазіргі таңда 85-ке келген Дәмежан Рысмағанбетова – Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің тұрғыны. Тыл ардагері, ұл-қыз өсіріп, одан немере-шөбере сүйіп отырған батыр ана.

Ешқайда бармай-ақ, қызмет алған Дәмежан апа мамандарға алғыс айтып, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақ батасын берді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының көші-қон бөлімінің қызметкерлері құжаттандыру жұмыстарына көбірек көңіл бөледі. Осыған орай арнайы мобильді топ құрылып, қала көлемінде қарт кісілер мен денсаулығы нашар азаматтардың құжаттануын қадағалау мақсатында жиі тексеріс жүргізеді.

Все новости