00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Нұр-Сұлтанда жаңа нөсер кәрізі салынады

25.02.2023 | 03:50
Елорда ақпарат
83

Жастар шағын ауданында (Тәшенов пен Амман көшелерінің қиылысы) жеткізуші коллекторларды қайта жөндеумен айналысатын кәріз суын тазарту құрылысын салдық. Жаңа құрылыстардың қуаты – тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Аталған нысан Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Пушкин, Иманбаев көшелерінде, Республика даңғылында, Тәуелсіздік даңғылының жоғарғы бөлігінде су басу проблемасын шешті, – деп жазды әкім.

Оның айтуынша, бұл қондырғының ерекшелігі – Есіл өзеніне жаңбыр мен еріген қар суы құйылар алдында тазартылады. Ал бұрын өзенге тікелей құйылатын, бұл өз кезегінде өзен суын ластап қана қоймай, қаланың экологиясына да теріс әсер ететін. Тазарту қондырғысы өткен жылдың күзінде іске қосылды, ал биыл абаттандыру жұмыстары аяқталады – тазарту қондырғысы жер астына орнатылғандықтан, оның үстіне гүлзар отырғызылып, маңайы көгалдандырылады.

Өздеріңізге мәлім, жаңбырлы күндері су астында қалатын ең проблемалы учаскелердің бірі – Б. Момышұлы даңғылы болатын. Қазір бұл жерде нөсер кәріздерінің магистральдық коллекторының құрылысын аяқтадық. Бұл нөсер кәрізінің ұзындығы 500 метрді құрайды – басы Дауылпаз көшесінен басталып, Елім-ай көшесіне дейін (Бауыржан Момышұлы даңғылын кесіп өтеді) жалғасады. Жаңа нысан қолданыстағы нөсер кәрізі желілерінің өткізу қабілетін 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді, – дейді қала басшысы.

Осыған дейін Тельман елді мекенінде тазарту қондырғылары мен магистральдық коллектор салу жұмысы аяқталған болатын. Қуаттылығы – тәулігіне 36 мың текше метрден асады. Жобаны іске асыру Тельман елді мекенін, №27 көшенің бойындағы құрылысы қарқынды жүріп жатқан аумақты және т.б. қамти отырып, жер үсті ағындарын бұрып әкетуді қамтамасыз етті. 

Сол сияқты кәріз суын тазарту құрылыстары Пригородный елді мекеніне және Алаш тас жолы бойындағы логистикалық орталық ауданына да салынды. 2019 жылы Мыңжылдық аллеясы аумағындағы екі учаскеде нөсер кәрізі мәселесі шешілген болатын.

Алматы ауданында (Ш.Қалдаяқов көшесі) сорғы станциялары бар нөсер коллекторының құрылысын жүргізіп жатырмыз. Себебі оның функциясын соңғы жылдары тұрмыстық кәріз жүйесі орындап келген, ол тіпті бірнеше рет істен де шықты. Жаңа нөсер кәрізі жаңбыр суының өткізу қуатын еселеп арттыруға, жақын маңдағы көшелер мен үйлерді су басудан сақтауға мүмкіндік береді, – деді Көлгінов. 

Сол сияқты жаңа вокзал аумағы жыл сайын инфрақұрылым мен инженерлік желілерге күш түсіретін ауданға жататынын ескерсек, бұл ауданға да нөсер кәрізі салынатын болады.

Бұрын проблемалары болған, қазір бәрі реттеліп, құрылысы қайта жанданды. Бұл нөсер кәрізінің қуаты Мыңжылдық аллеясы мен вокзал ауданына түсетін күшті жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ алдағы уақытта бұл аумақта құрылысы қарқынды жүретіні ескеріліп, есептелетін болады. Сол сияқты Ұлы Дала даңғылында орналасқан нөсер кәрізінің проблемалы учаскесін аяқтау қажет, – деп жазды елорда әкімі.

Все новости